***** 1

Report
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: топырақ түрлерімен,қара шіріктің
пайда болуы жолдарымен таныстыру.
ә) Дамытушылық: өз жерлерінің топырақ түрлерін
анықтап,топырақ түрлерінің су өткізгіштік қасиетін
анықтау арқылы қандай топырақтың өсімдік өсуге
қолайлығы туралы түсінік беру.Адам өміріндегі
маңызы туралы түсінік беру.Қазіргі таңда адамзат
ауасын жұтып топырағын пайдаланып отырған
табиғат ананы қорғап, аялауға үйрету.
б) Тәрбиелік: Отансүйгіштікке, патриоттыққа,
табиғатты аялауға тәрбиелеу
Ақмола облысы
Еңбекшілдер ауданы
Р.Елебаев атындағы Құдықағаш
қазақ орта мектебі
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз.
Біз келбетті, көріктіміз,
Біз ақылды ,дарындымыз,
Біз зейінді, зерекпіз.
1.Қазір жылдың қай мезгілі?
2.Күздің қандай ерекшелігі бар?
3.Балалар табиғат дегеніміз не?
4.Табиғат неше түрге бөлінеді? .Оған не
жатады?
5.Судың қасиетін ата.Дәлелде.
6.Судың үш түрлі жағдайын ата.
Жұмбақтар
1.Жылт-жылт етеді,
Жылғадан өтеді.
2.Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды.
3.Бар ма,жоқ па,оны анық білмейсің,
Ол жоқ болса,өмір сүріп жүрмейсің
4.Дәмі де жоқ,түсі жоқ
Пайдаланбас кісі жоқ.
5.Бір зат бар дүниеде құшағы кең,
Адамзат,жан-жануар арасында,
Мәңгілік өсіп,өніп өмір сүрген.
1.Су қандай зат?
Тест жұмысы.
а) қатты
ә) сұйық
б) қою
4.Жарықсыз не өсе
алмайды?
6.Ауаның пішіні бар
ма?
а) су
ә) өсімдік
б) ауа
а) дөңгелек
ә) жоқ
б) төртбұрыш
2.Судың түсі қандай?
а) ақ
ә) түссіз
б) мөлдір
3.Судың пішіні бар ма?
а) дөңгелек
ә) төртбұрыш
б) жоқ
5.Адам тыныс алу үшін 7.Шөлге шыдамды
не қажет?
жануар
а) жарық
ә) ауа
б) су
а) балық
ә) ақбөкен
б) түйе
Тест жауаптары:
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
Ә
Ә
Б
Ә
Ә
Ә
Б
Венн диаграммасы
Сусыз тіршілік жоқ.Адам денесінің басым бөлігі
судан тұрады.Егер адамның салмағы 70кг болса,
оның 50 кг су. Сусыз жануар тіршілік ете
алмайды.Табиғаттың көркін ажарландырып, жер
бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі – су..
Жер планетасының ¾ бөлігін су алып жатса да,
соның 1 пайызы ғана ішуге жарамды. Сондықтан да
«Судың да сұрауы бар» дейді халық.
Мысалы:
1кг картоп өсіруге 300л
1кг бидай өсіруге 1200л
1т шойын қорытуға 130л
1т алюминий алуға 1000л
Піл тәулігіне 90л су ішеді.
Топырақтан өмір иісі шығады,
Оны денең тиіп кетсе ұғады.
Еңбегіңді есесінен беретін,
Жақсылық та топырақтан шығады.
ББҮ стратегиясы
Білемін
Білмеймін Мен үшін жаңа
ақпарат
ББҮ стратегиясы
Білемін
Білмеймін Мен үшін жаңа
ақпарат
Қара
Сары
Қоңыр
Құрғақ
Өсімдіктер өседі.
Топырақтың
құрамында не
бар?
Балалар топырақты білесіңдер ме?
Ол қайда болады?
Топырақ қандай болады?
Түстерін атай аласыңдар ма?
Табиғатта өсімдіктің жайқалып өсіп, сән беріп
тұруы топыраққа байланысты.
Адам өмірі де топырақпен байланысты.
Адамның көптеген тағамы өсімдіктен
алынады. Дәрі-дәрмек пен тағам ретінде
пайдаланатын өсімдіктер қаншама.
Жануарлар мен өсімдіктерсіз адамның
тіршілік етуі қиын.
Топырақ арасынан жануарлар өзіне ін
қазып, баспана жасайды
Жерге тастаған қағаз бойына су тартып,
1 жылдан кейін топыраққа сіңіп кетеді.
Бос консерві қалбырын тот басады да,
10 – 15 жылдан соң ғана үгітіліп, жерге
сіңіп кетеді.
Полиэтилен қалташалар топырақта 100
жылға дейін жатады.
Шыны қалдықтары мәңгі сақталады.
Оқулықпен жұмыс. Тәжірибе өткізу.
1- тәжірибе.
Топырақты мұқият қарайық.Оның
ішінде өсімдіктердің ұсақ бөлшектері,
жәндіктердің қалдықтары, құрттардың
бар екенін көреміз. (Топырақта шірік
бар)
2- тәжірибе.
Бір кесек кебу топырақты стақанға суға
салайық. Не байқаймыз? Көпіршіп шыққан
не?
3- тәжірибе.
Шіріндісі жанып біткен топырақты
стақандағы суға салып, араластырайық.
Лайланған суды тұндыруға қойдық.
Біраздан кейін стақан түбінде шөккен
шөгіндіні байқаймыз. Тұнбаның астына
құм, бет жағына саз шөгеді. Бұл
тәжірибеден не білдік?
4-тәжірбие.
Бір уыс топырақты темір қалбырға
салайық. Отқа қойып қыздырайық. Оның
үстіне шыны ұстайық. Шынының астыңғы
бетінде су тамшысы пайда болады. Ол
қайдан шықты?
Топырақтың құрамы
Сабақты қорыту
Топырақтан
бидай
жүгері
күнбағыс
көкөністер
мақта
Ауылымыздың топырағында туып – өскен
әйгілі адамдарымыз бар.
сазгер-ақын
Рамазан Елебаев
Мұрат Досанов
Геолог-Мағауия Бигалиев
1.Бақта жүйекті жасап қазатын құрал.
2.Жердің өсімдік өсетін қабаты.
3.Топыраққа қажетті негізгі қоректің бірі.
4.Өсімдіктің өсуіне қолайлы топырақ.
5.Өсімдік өсуге жарамайтын топырақ.
Үйге тапсырма
Дәптерлеріңе топырақтың қасиетін анықтау
үшін жасалған тәжірибелердің суретін
салып келу.
30,31,32 беттегі « Топырақ.Топырақтың
қасиеттерін» оқып келу.

similar documents