(көшіріп алу).

Report
№2 Төлеби балалар үйі
«Ж. Адырбеков»
атындағы тобының
тәрбиешісі
Матеева Күлшат
Шатайқызы
Ашық тәрбие
сағаты
Ашық тәрбие сағатының
тақырыбы:
Мақсаты:
Балаларға көктем туралы мағлұмат беру, 8 наурыз бүкіл
дүниежүзілік мейрам екенін түсіндіру, отбасындағы
ананың орнын, анаға деген құрмет ерекше екенін
ұғындыру. Көктем мезгілінің құбылыстарын, анаға
қалай көмектесетіндері туралы өз ойларын жеткізу
арқылы байланыстырып сөйлеуге талпындыру, сөздік
қорын жетілдіру, ойын арқылы ой – өрісін дамыту,
қолайлы орта ұйымдастыру арқылы қызығушылығын,
белсенділігін арттыру, көңіл-күйлерін көтеру. Отбасына,
туыстарына мейірімділік, қамқорлық, кішіпейілділік,
адамгершілік құндылықтарына тәрбиелеу, достыққа,
ұйымшылдыққа тәрбиелеу, эстетикалық талғамын
көтеру, әдемілікті сезіне білуге үйрету.
Кеш жарық, қымбатты ұстаз-аналар, арулар!
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр
құйып,тағы да 8-наурыз халықаралық әйелдер күні
келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны
бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық
сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек
емес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр
отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз
тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен
ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге
әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік
кешіміз де аналарға арналады.
Құрметті аналар,біздің балалар
үйінің ұстаздары,қыздары!
8-наурыз халықаралық әйелдер
күні мерекесі құтты болсын!
Сіздерге әрқашан сыр бермес
денсаулық,өмірдің шапағатын
тілейміз! Бұл күні өздеріңізге
бағытталған тілектер орындала
берсін…Әрдайым мейірім
шуағын шашып жүре
беріңіздер.
Ананың тілегі, ананың жүрегі, ананың махаббаты,
ананың ыстық құшағынан қасиетті ештеңе жоқ. Ең
ыстық күннің нұры да, ананың шапағат мейіріміне
жетпейді.
Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, қарызын
өтей алмайсың.
Біздің әрқайсымыз үшін өмірдегі ең жақын, ең әзиз
жан ол – анамыз.
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап.
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
Ана деген асыл жандар болаттай,
Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.
Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар жанары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
Ана деген ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да,
Тек анаңа жақынсың.
Ақыл құйған санама,
Күннен артық, расында.
Күн алыста, ал анам,
Ылғи менің қасымда.
Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.
Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір
бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ
сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі,
сөзі-өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан
адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі
үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл
шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар
несібе жемісі-алтын босағасы мен сүйкімді перзенті
болар. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да
қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы
ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат
жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан
ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана
құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен
айтып тауысу мүмкін емес. Ана-болашақтың
демеушісі,ұлттың жебеушісі,сәбилердің бақыты.
Көңілің Алатаудың ақ
қарындай,
Мейрімің күннің шуақ
шақтарындай.
Қалайша аяулы ана
тына алармын,
Ән болып
сағыныштан
ақтарылмай
Жанұяның жылуын суытпай, тал
бесікті тербей отырып, тебірене
толғар бесік жыры, аңыз
ертегілері мен жақұт жырлары
арқылы ұрпағының бойына
адамдық қасиеттерді дарытып
отырған аналардың құдіретті
сезімдері
Ана ол біздің елде ардақты
адам,
Кішісі де, үлкені де
ардақтаған.
Өзінің аяулысы да Отанын
да,
«Ана»Дана» деп біздің халық
текке айтпаған, – деп кезекті
көрініске береміз.
Көрініс «Дүниеде не қымбат?»
Немересі: – Әже деймін, әже,
Сұрақ қойғым келеді сізге.
Мен түсінбейтін бір жәйт бар.
Түсіндірші соны бізге.
Бірінші сұрағым сізге:
Дүниеде не қымбат?
Әжесі: – Адам қымбат, қалқам.
Немересі: – Адамға не қымбат?
Әжесі: – Бала қымбат, қалқам.
Немересі:- Балаға не қымбат?
Әжесі: – Ана қымбат, қалқам.
Немересі: – Иә, десеңші әже!
Түсінбеппін осы жайды.
Тағы бір сұрағым бар сізге,
Қатты мен жұмсақ жайлы.
Әжесі: – Сұрай ғой, қалқам. Не сұрасаң да жауап
берейін.
Немересі: – Әже дүниеде не тәтті?
Әжесі: Ананың сүті тәтті.
Немересі: – Дүниеде не қатты?
Әжесі: – Атаның жүрегі қатты.
Қарағым, сауал қойдың көп маған.
Бір ақыл айтайын саған
Тату болса – ағайын жақын,
Ақылшы болса – апайың жақын.
Бауырмал болса – інің жақын,
Алдыңа тартқан адал асың,
Қимас жақын қарындасың.
Немересі:- Түсіндім, әже. «Дүниеде не қымбат
екенін?» енді мен айтайын:
Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт берекең – атаң қымбат.
Аймалайтын – анаң қымбат.
Мейірімді – әжең қымбат.
Асқар тауың – әкең қымбат.
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат!
Аналар адамды бесігімен
баулиды… Өмірдің іргетасы
солардың қолымен қаланады.
«Жәннәт-аналардың аяғының
астында» деп, ислам діні
әйелдерді ерекше құрметтейді.
Егер де бір үйде қыз бала
дүниеге келсе, береке,
молшылық, бейбітшілік
болады, ата-анасына қуаныш
әкеледі деп жорыған екен.
Теңіздей тербетіліп көл
бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде
Тіршілікке нәр берген ана
сүті қандай құдіретті.
Әлемдегі жақсылық көзі,
адамдық қасиет, ақ тілек
мейірбандықтың бәрі ана
деген сөзбен астасып
жатыр.
Аяулысың, ауылымның
асылдары,
Жайнасын көңілдердің
жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен
күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке
шашулары
Десек те уақытпен
жарыспайды,
Қиялға қиялменен
қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен
тебіреніп,
Жырларын аналарға
бағыштайды.
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе,жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым.
Барша ана,құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, меніңше сүй,
Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иықтан шашып, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге
Дүние ойдан шығады,
Өзімді өзім ұмытып.
Көңілім әнді ұғады,
Жүрегім бойды жылытып
Мерекеге арналады бүгін билер.
Көтерілсін, қанекей, көңіл күйлер.
Алдарыңызда қазіргі үнді биі,
Таң қалдырып қанекей би билеңдер
Ана ол біздің елде ардақты адам,
Кішісі де, үлкені де ардақтаған.
Өзінің аяулысы да Отанын да,
Жан анам, құттықтаймын мереке
күніңмен,
Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.
Өрлесін елдің берген бақыт бағы,
Жазбасын шат көңілін ақ күніңмен
Достықты біз ойлаймыз,
Бірге күліп ойнаймыз.
Қыздарды да құттықтап,
Мерекесің тойлаймыз
Ардақты, аналар, әжелер мен апалар!
Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана
игі жақсылықтар әкелсін.
Құрметті қонақтар ,біздің
«Шуағын шашқан
аялы алақан» атты мерекелік
кешімізді көңіл қойып
тамашалағандарыңызға көп-көп
рахмет.
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп
қалды.
Қош болып тұрыңыздар
көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.
Сау-саламатта болыңыздар!

similar documents