***** 1

Report
Ақмола облысы
Степногорск қаласының әкімдігі
«Степногорск қаласының білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
«Бестөбе кенті№ 1 орта мектебі» ММ
мектеп психологі
Степногорск қаласы, 2014 жыл
1
1
Мазмұны
1. Психолог туралы мәлімет.
2. Психологтың анты
3. Эссе “Мен және менің мамандығым”
4. Психологиялық қызмет жұмысы
жайында мәлімет,
мақсаты мен міндеттері
5. Оқу – тәрбие прцессіндегі өзара
қарым-қатынас
6. Психолог жұмысының нәтижесі
7. Психологиялық сабақтардан көрініс
8. Психологиялық тренингтен көрініс
9. Психологқа мінездеме
Аты – жөні: Махметова Ботагөз Бахытбекқызы
Туған жылы: 25 ақпан 1983 жылы
Мекен жайы: Бестөбе кенті, Чкалова көшесі , 32 үй
Байланыс телефоны: ұялы телефоны
8 771 606 42 87
жұмыс телефоны\ факс 8 716 45 43 192
үй телефоны
8 716 45 43 2 78
Жұмыс орны: Степногорск қаласы
Бестөбе кентінің №1 орта мектебі
E- mail: [email protected]
Білімі: жоғары, Көкшетау университеті
Мамандығы: психолог
Еңбек өтілі: 10 жыл
Әдістемелік тақырыбы: «Адамның рухани дүниесін психологиялық
тұрғыдан жан-жақты тану және
қамқорлық көрсете білу жолдары»
Білімі- білікті жетілдіру
курстары:
Ақмола облысы басқармасы
жанындағы білім қызметкерлерінің
біліктілігін арттыру институтында
2004 жыл,
“12 жылдыққа көшу жағдайында
құзыретті білім беруді психологиялық
сүйемелдеу” Көкшетау қаласы 2014 жыл
Жеке қасиеттері: адамгершілік, парасаттылық, жауапкершілік,
еңбекқорлық, адалдық
Мен, Махметова Ботагөз Бақытбекқызы
психолог жолына түсе отырып, өзімнің барлық
біліміммен қабілеттерімді таңдап алған жұмысыма
арнауға әрқашан дайынмын: Көмегімді қажетсініп,
алдыма келген адамдардың өмірі мен тағдыры менің
қолымда екенін жаныммен түсінемін. Мені тұлға
ретінде қалыптастырып, менің бойымдағы
адамгершілік қасиеттерді пайдалы істерге
қолдануды адамдар мен Жаратушы Табиғат сыйға
берген. Адамдар туралы білген құпиялардың оған
керісінше әсер етуіне жол бермеймін. Психолог
мамандығын игере отырып, адамдардың үлкен
сеніміне ие болуға Мен ант етемін!
Мен өзімнің кәсіби мамандығымды, өзімнің
жауапкершілігімнің аздығы мен, ұқыпсыздығыммен
ұятқа қалдырмаймын. Бала бойындағы
дарындылықты оятуға және дамытуға, оның
біртіндеп есеюіндегі қиын сәттерде көмек
көрсетуге, оның қайталанбас ерекше тұлға ретінде
болмыс жаралылысын бағалау мен қорғауға менің
шынайы талпынысымдағы жетістіктер мені алға
жетелесін. Мен өз ісіме адал және әділ боламын деп
ант беремін!
1
Эссе
«Мен және менің мамандығым»
Тәрбие біздің жүрегімізге ең
алдымен жеке адамға да,
қоғамға да пайдалы
әдеттердің ұрығын себуі керек.
К.Гельвеций
Мен адам жанын түсініп, демеу үшін, бағдар беру үшін
осы мамандықты таңдадым. Менің өмірдегі басты мақсатым –
балалар өмірге еш қорқынышсыз, зұлымдықсыз қарап, олар
алдарында бір ғажап жұмбақтың шешімін табатындарына және
де алда ашық, жарқын күндер күтетініне сенсе екен деймін. Ал
басты бағытым, өмірге еш өшпенділіксіз, қорқынышсыз
қарауды балалардың санасына жеткізу. Балаларды алға
ұмтылуға, алда ғажайып нәрселердің бар екендігін, жақсы
өмірдің кілтін аша алатындарына сендіру!
Мен әр кезде өз әлемімді балалармен бөлісуді, оларға дем
беріп, олардың жан-дүниесіне үңіліп, олардың бүгіп, ұялып,
сыртқа шығара алмай жүрген ойларын іске асыруға
ұмтылдырамын. Мен оқушылардың, балалардың күнделікті
өмірден бір сәтке болса да шығып, өздерін жаңа қырлардан
танып, әр сәтін тек жақсылыққа, артынан өкінбейтін жақсы
істер жасауына, жастық шақтарын босқа өткізбей, өмірден
дұрыс жол таңдап, тек қана алға ұмтылуларын қалаймын. Осы
жерде ұлылардың «Өзіңді біл, таны, аш сол кезде әлемді де
біліп, аша аласың» деген нақыл сөзді айтқым келеді.
Әлем айна сияқты, әр күн сайын өз бейнеңді көріп тұрасың, өз
мойныңа жауапкершілікті ала білуге, берген уәдеңде тұруды
үйретемін. Менің өзіме деген сенімімді жоғалтқандай сезінген
кездерімде, жұмысқа деген құлшынысым азайғанда мен
«Алланың адамға берген ең үлкен сыйы, оның өмірі» екенін
есіме аламын.
Адам кей уақытта өзіне деген сенімін жоғалтып, күйзеліске
ұшырасады, өмірге деген сенімін, құштарлығын жоғалтпай,
тоқтамастан тек қана алға ұмтылуы керек екенін ұмытпауы тиіс.
Қандай қиын жағдай болса да, бар күш-жігерін жинап, алға
ұмтылса ғана барлығын жеңіп, жүрегінде де, жан-дүниесінде де
тыныштық орнайтынына, барлығы тек жақсы болатынына сенуі
керек. С.Торайғыровтың сөзімен айтқанда «Адамның ең ұлы
қасиеті бақытты болуға ұмтылу» дегім келеді.
1
Жеке тұлғаны қалыптастыру үшін ең алдымен баланың жа
саған іс - әрекеттерін таразыға сала отырып, баламен біріге жұмыс
жүргізу қажет.
Мектеп психологы үшін баланың қызығушылығы, бейімі,
қабілеті, зейіні, түйсігі, ойлау қабілеті, сөйлеу мәнері секілді
ерекшеліктері басты орында болуы тиіс. Осы ерекшелікті ескеру
мен дамыту оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда маңызды
фактор болып табылады. Оқушы қабілетінің әрқилы болатыны
белгілі. Оқушыларды байқағыштық пен байсалдылыққа, зейінділік
пен зеректілікке, тапқырлық пен ойланғыштыққа баулып,
тәрбиелейтін – психология.
Психолог бала жанының терең түкпіріне үңіле білсе, баланы
тыңдай білсе, өзін де тыңдата алса, бала құқығына қол сұқпай
тәрбие ісіне басшылық жасаса, дұрыс нәтижеге жетеді.
Психологтің өзінің де дүниетанымы кең болып, баланы дүниені
танып білуге, байқампаз болуға, білімге қызығушылығын
арттыруға күш салып, бүгінгі шешуі қиын деген мәселенің ертең
түкке тұрғысыз жеңіл болып қалатынына сендіре білуі керек.
Балалармен арадағы қатынас адамгершілік негіздеріне сүйенсе ғана
нәтижелі болады. Бала көңілі сезгіш, оның өмір жолын таңдауға өз
құқы бар. Сондықтан біз оларға үлкен өмірдің таңдауын жасарда
көмек қолын созсақ, сәттілік әкеледі. Бала жаны әрқашан жылу мен
мейірімді қажет ететінін естен шығаруға болмайды. Біздің өзіміздің
адамгершілігіміз, өз жұмысымызға берілуіміз, оқушыны сыйлап
қадірлеуіміз, әділ шешім шығару арқылы қатаң да дұрыс талап қоя
білуіміз маңызды.
1
Психологиялық
қызмет
проблемасы:
«Психологиялық
құзіреттілік
қазіргі білім беру
саласында оқутәрбие үрдісін
тиімді жетілдіру
шарты болып
табылады.
Мақсаты: Мектеп оқушыларына
жан – жақты психологиялық көмек
түрлерін (психодиагностика,
психологиялық кеңес беру,
психокоррекция,
психопрофилактика) көрсету
арқылы психологиялық
денсаулығына жағдай жасау және
жеке тұлғалық ерекшеліктерін
зерттеу.
1
Педагогтың баламен, атааналармен қарымқатынасындағы
проблемаларды шешу
Мектептегі оқу үрдісін
нормаға сай
қалыптастыру
Жеке тұлғаның
қалыптасуына ықпал
келтіру,
психодиагностикалық
тапсырмаларды жүйелі
түрде орындау
Сәйкесінше түзетудамыту жұмыстарн
жүргізу
Педагогикалық ұжымды
зерттеу
Педагогтардың
жұмыстарын
психологиялық
тұрғыда дұрыс
ұйымдастыру,
кеңес беру
1
Өзара келіспеушілік
жағдайларының
алдын -алу
жұмыстарын
жүргізу
Психолог қызметінің моделі
Жеке тұлғаның қабілеті мен қажетіне лайық құзырлы
біліммен тәрбие беру.
Психологиялық орталық
Мектеп
әкімшілігі
Әлеуметтік
орта
Мұғалім
Оқушы
Ата-ана
Психологиялық қызметтің
негізгі жұмыстары
Психолологиялық
зерттеу
психодиагностика
Психологиялық
білімді көтеру
Психопрофилактика
Психологиялық
кеңес беру
Психологиялық түзету
дамытушылық бағыты
Психологиялық ағарту
психопрофилактикалық жұмыстар
Қыз сыры
Практикум
Тренингтік
жұмыстар
Дәрістер
Сауалнамалар
Кеңес алмасу
Психологиялық
сабақтар
1
Ата-аналарға арналған тренинг
«Мен сені түсінуге тырысамын»
қсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орныны ерекше екенін түсіндіру және ата-ананың бойында
ріне тәрбиеші мұғалім
нде қарауға қызығушылықтарын дамыту. Баламен дұрыс
тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі естен
армауға ой салу. Ата-ана
баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.
жетті құрал жабдықтар: шарлар, А 3 форматттағы ақ қағаздар, акварелдік краска.
ақтың тақырыбы: Саусақпен сурет салу
ақтың түрі: тренинг
еметсіздер ме, құрметті қонақтар! Бүгінгі сіздердің назарларыңызға ұсынылғалы отырған «Мен сені түсінуге
ысамын…» тренингке қош келдіңіздер!
ермен бүгін жиналып отырған себебіміз бір-бірімізбен
ес алмасып, пікір алысумыздағы мақсатымыз: ата-ана,
теп және бала
ындағы қарым-қатынасты одан әрі жақсарту. Алдымен бір-бірімізбен
ысып алайық. (Өз аттарын бір жестпен және жылы сөзбен
жаттығуы жүргізіледі).
міңіз кім-Балаңыздың есімі- Балаңыздың жағымды қылығы
-анасы)
гізу барысы:
алаларға және ата-аналарға шарларға сурет салғызу.
алаларға А 3 форматындағы қағаздарға сурет салғызу.
уретттерді талқылау барысында бір-бірімен пікір және кеңес алмасу.
анұя бақыты, Алма кетті домалап, Хи-Ха-Хо, Эпадром жаттығулары
ренинг соңы пікір алмасу.
орытындылау. «Тілек шамы» жаттығуы
Трениг барысы:
«Жанұя бақыты» атты тренингімізді бастайық. Тренингтің шарты
:«Бақжанұя» моделін құру. Яғни, ата-ана баласымен
бірлесе отырып, отбасы бақытын сурет арқылы көрсетіп, сурет жан
жағына отбасы бақыты сөздер арқылы жеткізу керек.Отбасы –
сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең
алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі –
бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол.
Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың,
бала міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен
араласса,босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз
Нұсқау: Дөңгелек шеңберді 24 сағатқа бөліп, оқушының, атаананың бір күндік диаграммасын құру.
анаға:
йқыға
ектепке
тбасымен қарым-қатынасқа
йірмеге
остарына
й шаруасына
йынға немесе өз қалауы бойынша бір іспен айналысу.
ытындылау.
ақ даярлық Ә сыныбында өтті. Сабақ өте қызықты болды.
алар да ата-аналар да өте көңілді болғанын айтты.
осы тренингтен кейін бір-бірімізге деген пікіріміз өзгерді
1
және бір-бірімізді одан да жақсы тани бастадық
1
«Mейірімді жүрек» тренинг-сабағы
Мақсаты: Қатысушыларды тренингті жүргізу барысында бір-біріне деген сенімді арттыру
және жылы қарым-қатынасқа үйрету .
1.Тренингте қатысушылармен танысу.
1.Аты ,мектебі
2.Тренингке қатысу мақсаты
3.Соңғы кезде болган ең жағымды оқиға
Қортындылау: Ерекше айтқан адамды айту.
Кімнің айтқаны ұнады?
Кімді еске сақтадық?
2. «Танысу» жаттығуы
Қатысушылардың әр қайсысы өз есімдерін жариялайды
және қойылу тарихы туралы
айтып береді.
3.»Мен қандаймын» жаттығуы
«Мен кіммін» деген жалғыз сұраққа жауап беріңіз.
Мысалы:зейіндімін,әдептімін,саналымын,сабырлымын,шыншылмын,бауырмалмын т.б.
4.» Жанұя»ойыны
Бұл ойынның мақсаты: Ата-ана баласын қаншалықты біледі,яғни таниды. Ата-аналар
баласын қаншалықты біледі, яғни таниды.Ата-аналарға доп беру арқылы бірнеше
сұрақтар беріледі.
Сол сұраққа тез арада
жаңылмай жауап беруі керек.
5.Педагогикалық-психологиялық тапсырмалар.
«Сәлемдесудің»- әртүрлі жағдайын көрсетіп беру.
Мысалы: Куаныш,ренішті,ашулы,селқос,бақытты,
қызғанышты. Оқушылар мимикамен корсетеді.
6.»Жүз жұмбақ»
Тренер: Оқушылар екі топқа бөлінейік.Ойланып шешімін
табуымыз керек.Логикалық сұрақтар:
1.Дорбадағы 10 асық 10 бала бір-бірлеп алды.Сонда бір
асық дорбада қалды.Бұл қалай? Жауабы: бір бала
дорбасымен алды.2.Екі адам тоғыз құмалақты 2 сағат
ойнады. Әрқайсысы неше сағаттан ойнады? Жауабы: 2 сағат.
3.Үш түйеқұс ұшып келе жатыр,аңшы олардың біреуін атып алды. Неше тұйеқұс қалды?
Жауабы: Тұйеқұс ұшпайды.
4.Жасы 100-ге келген қария өмір бойы өзінің туған күнін 25 рет қана атап өткен екен.
Себебін анықта. Жауабы:оның туылған күні 29 ақпан.
7.»Жылы жүрек»
Мейірімді жүрек тренингіміз қорта келе оқушылар: Әрбір адам мейірімді де,инабатты
болуы керек.Олай болса бір-бірімізге жылы жүрек силайық. Мысалы,жұмсақ ойыншықты беру арқылы
қасыңдағы оқушыға жылы бір сөз айтып беру.
Қортынды
«Мейірімді жүрек» тренинг-сабағы 01.10.2014 күні
2-А сыныбына өтті. Сабақ өте қызықты болды.
Балалар бірәз қуанып, серігіп риза болды. Балалардың
бір-біріне деген қарым-қатынасы нығая түсті
деп ойлаймын, өйткені сабақ соңына қарай балалар бір-біріне
жылы сөздерді жылы жүзбен тез және
оңай айта алды. Сынып жетекшісі де Айған Қалауқызы сабақты
ұнатып риза болды. Болашақта тағы да
осындай сабақтар болса балалар қарым-қатынасы одан да берік
болып, бір-біріне деген сенімі одан да
арта түсер еді деп кеңес берді. Алда тағы да осындай сабақтар
жүргіземін деген сенімдімін.
Республикалық «Отбасы – бақыт мекені»
атты апталығында өткізілген шара
1
Бестөбе кентінің №1 орта мектебінде
өтіп жатқан Республикалық «Отбасы – бақыт мекені»
атты апталығының алғашқы шарасы жайында
мәлімет
«Бала тәрбиесі – мемлекеттің маңызды міндеті»
Н.Ә.Назарбаев
«Отан отбасынан басталады». Жанұяның береке-бірлігі әр сәбидің, әр
баланың болашақ қадамы.
Өйткені бала ұяда не көрсе, ұшқанда
соны іледі. Отбасы – ол да бір шағын
ғана мемлекет. Жоғарыда аталып
өтілген елбасының міндетін іске асыру
үшін республика бойынша жүріп
жатқан «Отбасы күніне» байланысты
мектебімізде апталық іс-шаралардың
жұмыс жоспары құрылып бекітілді.
Жоспарға сай қыркүйек айының 8-ші
жұлдызында А.А.Оспанова мен мектеп
психологы Б.Б.Махметова «Отбасым –
тірегім» атты тақырып аясында ата-аналармен тренинг өткізді.
Тақырыптық презентация қолдану арқылы бала тәрбиесі жайында атааналар тарапынан жіберілетін қателіктер жайында айтылып, сол
қателіктерді шешу жолдары, кеңестер
оқылды. Сондай-ақ «Бала тәрбиесіне»
байланысты видео көрсетілді.
Б.Б.Махметова эмоция,сезімге
байланысты тренинг өткізді. Ата-аналар
ақ қағазға сурет салу арқылы өз ойларын
білдірді. Тренингтен алған жағымды
әсерлерін, пікірлерін «Алма ағашына»
ілді. Тренинтің қатты ұнағанын,
болашақта осындай шараның жиі
ұйымдастырылғанын, тақырыпқа сай көптеген пайдалы педагогикапсихологиялық кеңестер алғанын жазды.
«Отбасы күніне» арналған апталықтың алғашқы іс-шарасы жалпы жақсы
деңгейде өтті және әрі қарай жоспарлы шаралар одан да жақсы өтеді
деген сенімдемін.
1
1
1
1
1
.
Махметова Ботагөз Бақытбекқызы 2004 жылынан бастап Бестөбе мектебіне
психолог болып орналасты. Ол байсалды, тыным таппайтын, адамгершілігі мол адам,
оқушыларға әділ және мұқият қарайды. Ол сабырлы және салмақты, әрбір баланың
адамгершілік құңдылықтарын құрметтейді. Психолог ретінде танымдылық қызметін
қалыптастыру арқылы оқушылар, ата-аналармен сауалнамалар, тренингтер,
диагностика, кеңес беру, коррекциялық жұмыстар, бақылау, тест жүргізу, т.б
шаралар өткізіп тұрады. Әр жұмысында дидактикалық материалдарды молынан
қолданып, оқушының танымы мен қызығушылығын оятатын ойын элементтерін
ұтымды пайдалана біледі. Ол тек бағдарламалық материалдармен ғана шектеліп
қалмай, күнделікті өмірмен тығыз байланыстырып отыра, мектептің психологиялық
хал ахуалды жақсартуға ат салысты. Ол әр баламен тіл табыса білгені, жоғары
бағаланады. Оқушының әрбір жағымды және жағымсыз жасаған қылықтары,
психологтің назарынан тыс қалмайды. Ол әр жағдайға мұқият және сауатты
қарайды. Балалар зор құрметпен қарайды, өздерінің сырларымен бөліседі.
Аубакирова Айған Қалауқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
Ботагөз Бахытбекқызы №1 Бестөбе қазақ орта мектебінде
10 жыл бойымектеп психолгі ретінде еңбек етіп келеді. Ол өз
мамандығын толық меңгерген, теориялық біліммен
тәжірибесін ұштастыра білетін білікті маман. Ұстаздың
басты мақсаты-білімді де жігерлі, адамгершілігі мол, жанжақты шығармашыл шәкірт тәрбиелеу. Ботагөз
Бахытбекқызы әр оқушы жүрегіне жол таба білетін, оқушы
бойында қабілеттілікті байқап, оны дамыта түсуге
байланысты жұмыс түрлерін де жан- тәнімен жүргізеді. Өз
ойын анық айта алатын, алған білімін өмірде қолдан
абілетін, сауатты, ізденімпаз шәкіртері ұстаз еңбегін
ақтауда.
Камзина Сауле Темірболатқызы
оқу ісі меңгерушісі
1
Ботагөз Бақытбекқызы өз ісіне жауап
кершілікпен қарауға тырысатын адам.
Таңдаған мамандығын сүйетін әрі
қадірлейтін азамат. Көмек қажет
жанның қасынан табылып, өз
тарапынан оған керек көмекті аянып
қалар емес. Әріптестерімен жақсы,
жолдастыққа берік жан. Тез тіл
табысады, көп ізденеді. Әр іске
шығармашылықпен қарауға тырысады.
Мейірімді жан, оқушылардың сүйікті
сырласы, балаларының аяулы анасы,
әріптестерінің сыйлас жаны.
Мектеп әдіскері: Алмагүл Байжанқызы.
1
Ботагөз мұғалім маған ұнайды.
Мен оған өз сырларымды айтып әрқашан
қиын кездер
болғанда ол кісіден ақыл кеңес сұраймын.
7 сынып оқушысы Ғарип Гүлім
Қиын сәттерде кімге сырымды айтып не
керектігін білмей тұрғанда, қиналғанда
жанымнан Ботагөз Бақытбекқызы табылады.
Мен оны сыйлаймын.
10 сынып оқушысы Сулейманова Диана
Достарыма, туысқандарыма айта алмайтын
сырымды Ботагөз Бақытбекқызына айтамын.
Ол менің сүйікті ұстазымның бірі, әрі ақылшым.
11 сынып оқушысы Абикенова Камила.
1
«Мектебімізде таза, берік, хәм
өз жанымызға (қазақ жанына)
үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз
үшін тайынбай-ақ серттесуге болады»
М.Жұмабаев.
Мектептегі психологиялық қызмет халық ағарту жүйесіндегі аса
қажетті салалардың бірі. Сонымен психологтың білім беру
мекемелеріндегі алатын кәсіптік статусы түрлі жерде әр түрлі. Ол
психологтың жұмысты ұйымдастыру тәсілдеріне байланысты, яғни
жұмыс істейтін психолог маманданған, психологиялық білімі жоғары,
адам жанын танушы болуы қажет. Олай болса, әр жүргізген ісімді
нәтижелі, табысты етуге тырысамын. Оқушының, ұстаздың, атаананың жүрегіне жол таба білу, қиындықта қол ұшымды беру мен
үшін үлкен қуаныш әрі міндет. Бар жүргізілген жұмысым нәтижесіз
емес. Белгілі бір қорытынды жасап, талай істі тындырып,
көпшілігіне көмек көрсетіп, психологиялық жағынан қолдай білдім.
Психологтың жылдық жоспары негізінде
психологиялық анализ жасап, іс-шараларды бірегей өткізіп, атаанамен қарым-қатынаста үнемі болып, балалар мәселесі негізгінің
бірі болып, әкімшілік және ата-аналар сұранысына үнемі
түсінушілікпен қарап, психологиялық көмек көрсетіп отырудамын.
Психологтың басқа мамандармен өзара қарым-қатынасы жүйелі
түрде болғаны қажет. Ендеше, мен де өз әріптестеріммен үнемі пікір
алысып, тәжірибе алмасып отырамын. Мұғалімдерге, психологтарға
арналған психологиялық семинарлар, лекциялар, тәжірибе алмасу
жұмыстарын оңтайлы шешуге, ізденуге, пікірлесуге әрқашан
түсінушілік әрі мұқият қарауға тырысамын.
Осы уақыт бойы атқарылған жұмыстарым көп, әлі де ойымда
болашақта көптеген жоспарланған жұмыстарым одан да нәтижелі
болып, қойған мақсаттарыма табысты жете білу . Бүкіл
жоспарланған ойымды жетілдіруге тырысамын деп үміттенемін.
Қазақстанда Өзіміздің Ұлттық психологиялық қызметтің
жүйелі, нәтижелі болуына үлесімізді қосуға дайынмын деп айтсам да
болады.
«Сенім – менің серігім» атты
психологиялық тренинг
Мақсаты : Сенімділікке үйрету, стресстік қалыптан арылу, бір – біріне деген қарым
– қатынасын нығайту.
Қажетті құрал – жабдықтар: ақ парақ, түрлі-түсті қарындаш.
1. «Досым, қалың қалай?» жаттығуы.
Жаттығудың мақсаты. оқушылардың көңіл – күйін көтеру , бір – бірімен қарым –
қатынасын нығайту .
Шарты : балалар дөңгелене тұрып, жұп – жұп болып , бір – біріне қарап жазылған
сөйлемді аяқтайды. Яғни, сұрақты өз ойларымен толықтырады және екіншісі жауап
береді .
2. «Сенімділік» жаттығуы.
Мақсаты : оқушыны стресстік жағдайдан арылтып, сенімділікке үйрету.
Шарты :оқушыларға бос парақ таратылады . Сол парақты қаламсаппен теңдей екіге
бөлу ұсынылады . Ол бөліктерді 1 , 2 деп белгілеп , бірінші бөлікке жағымды
қасиеттерді , ал екінші бөлікке жағымсыз қасиеттерді жазу керек те , ортасы
қырқылып алынады . Жағымды қасиеттерін өзіне қалдырып , жағымсыздарын қатты
мыжып , қоқыс жәшәгәне салады .
3. «Биіктік» жаттығуы .
Мақсаты : оқушының өмірлік жетістіктеріне жету мақсатына талпындыру ,
сенімділігін нығайту .
Жаттығу барысы : қатысушылардың біреуі шығады . Оған мынадай нұсқау беріледі :
«Қабырғаға жақын тұр , сосын секір . Қай жерге дейін секіргенін бергілеу
1
1

similar documents