Төлеген Гүләиім Кәрімқызы

Report
:
Төлеген Гүләиім
Кәрімқызы. Ә.Жангелдин
орта мектебінің саз
мұгалімі Атырау қаласы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ән айту дағдысын, музыка
тыңдауға, әншілік дауысты жетілдіре отырып, музыка
сауатын меңгеруге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың музыкалық есту
қабілетін жан – жақты, әуендік, ырғақтық, үйлесімділік
бағытта дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың ән өнеріне деген ынтасын
арттыру, музыканы өнер ретінде танып, оны өмір
қажетіне айналдыру, құштарлық сезіміне тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, вокалды дауыс жаттығуы,
сұрақ-жауап, ән айту.
Сабақтың түрі: Концерт сабақ
Сабақ көрнекілігі: Музыкалық аспап, теледидар, бейне
құрылғы.
Сабақтың барысы:
. Ұйымдастыру. «Музыка тілімен сәлемдесу»
• Жылулық шеңбері
• Көркем сөз. «Ән»
• Аңыз әңгіме. «Қазаққа өнер қалай қонған»
• Ыбырайдың әні. «Гәкку»
• Музыка жетекшісінің түсіндірме сөздері
• Вокалды дауыс жаттығуы
• «Танымал әннің тарихы» бағытында түсініктемелер
• Қорытынды.
Қандай жақсы ашық сабақ болғаны
Білім нәрі жүрекке кеп қонғаны.
Біз білімді болып шықтық мінекей
Апайымның орындалып арманы.
Сабақтың барысы:
І.
ІІ. Жылулық шеңбері
Енді, балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап үлкен шеңбер жасайық
• Алақанымыздан нені сезініп тұрмыз (жылуды)
• Ендеше бір бірімізге жылуымызды бере отырып, жылы лебіздер
білдірейік.
• Балалар Елімізде тыныштық болсын
Нанымыз көп болсын,
Отбасымыз аман болсын
Заманымыз тыныш болсын
Ән үйреніп жүрген мекемеміз гүлденсін
Айтар әніміз көп болсын т.б. тілектер айтылады.
• Балалар айтқан тілектерің қабыл болсын. Орындарыңа отырыңдар
• Міне бүгінгі өткелі отырған сабағымызда өздерің айтқандай « Айтар
әніміз көп болсын» деген тілектеріңдей «Сазды әуеннің сиқыры»,
«Әннің құдіреті», «Әннің шығу тарихы», туралы әңгіме етеміз.
ІІІ. Оқушылардың «Ән» туралы көркем сөзі
орындалады.
• Міне, балалар біздің жүрегіміздің «Қазаққа қалай
өнер қонғандығы» туралы білгіміз келетінін
аңғардық.
IV.
Ендеше, үнтаспадан «Қазаққа өнер қалай
қонғандығы» туралы аңызын тыңдайық.
VI. Туғанда дүние есігін ашады өлең
Өлеңмен жер қойнына кірер денең дегендей
адам өмірінің бәрі тұнып тұрған ән. Адам өмірге келгенде
«іңгәләп» ән әуенімен бірге келсе өлерде де артынан
«жоқтау» айтқан. Сонда “Тал бесіктен, жер бесікке”
дейінгі адам өмірі тұнып тұрған ән, музыка. Әр әннен
қазақтың иісі бұрқырап тұрады. Өйткені ән - адам
жанының дауасы, жүрегіңді емдейді. Ән біресе жылатады,
ән біресе күлдіреді.Сондықтан жүректен шыққан ән ғана
жүрекке жетеді. Мінекей, бүгінгі өтіп жатқан сабағымызда
әннің құдіреттілігі бағытында
VII.
Вокалды дауыс жаттығуы
VIIІ. “Танымал әннің шығу тарихы” туралы түсініктемелер
1) Туғанда дүние есігін ашады өлең
Өлең мен жер қойнына кірер денең
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен
Ойласаңшы бос қақпай елең селең - деп данышпан Абай айтқандай өлең,
ән, музыка ежелден - ақ адам өміріндегі маңызы ерекше болған. «Ән жоқ
жерде адам тірлігі де жоқ» деп тауып айтқан ғой. Музыка адамның ой
өрісін, ішкі, рухани казынасын байытып отырады. Ол кісіні сезімталдыққа,
жан нәзігіне баулиды.
Олай болса Бексұлтан Байкенжеевтің «Ақбаян» әнін Макимова
Назгүлдің орындалуында тыңдалық.
2) Сөзі: З.Шүкіров, әні: Ш.Қалдаяқов «Сыр сұлуы» әнінің шығу тарихы
түсіндіріледі:
Эстрада вокал үйірмесінің мүшесі: Қайыржанова Гүлбағым
“Сыр сұлуы” әнін орындайды.
3) Музыка тыңдау.
Әні: Гүлнар Дәукенова, Сөзі: Шөмішбай Сариев
Мәдина Ералиеваның орындауындағы – «Сағындым сағым жылдар»
4) Әні: М. Илиясов, Сөзі: Ж. Боранбаев
«Қазақы дастарханым» әнінің шығу тарихы.
Әнді орындайтын: Эстрада-вокал үйірмесінің мүшесі: Мұхамбет Ақерке
IX. Қорытынды бөлім. Сұрақ – жауап.
•Балалар сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?
•Несімен ұнады?
•Сонда «Қазаққа ән өнері қалай, қонғандығы»
туралы білдіңдер ме?
•«Сазды әуеннің сиқыры» адамға қалай әсер етеді
екен?
Балалар хормен:
Қандай жақсы ашық сабақ болғаны,
Білім нәрі жүрекке кеп қонғаны.
Біз білімді болып шықтық, мінекей!
Апайымның орындалып арманы.

similar documents